top of page

Кеңес Одағының Батыры  Мәншүк Маметова мемориалдық музейінің
қорының жинақталу тарихы

   Кеңес Одағынгың Батыры Мәншүк Маметова мемориалдық музейі ашылған кезде қорда  300-дей жәдігер болған. Сол жәдігерлер арасында Мәншүктің анасы Әмина Сулейменқызы өзі қолымен  берген КСРО Президиумының  Жоғарғы кеңесінің «Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры» атағын беру туралы жарлығы,   қалың шүберектен тігілген хат салатын  сөмке,  отырғыш, қамшы, 1939 жылы араб тілінде шыққан «Батырлар эпосы»  кітабы, қызының оқулықтары, соғыстан жазған хаттары, 1812 жылы Петербордан шыққан самауыр бар.  

 

Сонымен қатар, 1993-2007 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры         қызметін атқарған ҚР Мәдениет қайраткері, өлкетанушы Сара Танабаева Әмина Мәметовамен кездесіп, өздері тұрған кезіндегі үйдің ішінің, ауласының, аулада өскен ағаш орындарының  сызбаларының сұлбасын  алған. Ол да музей қорында сақтаулы.

 

Батыр қыздың атындағы музейдің сол кездегі қор сақтау бөлімінің меңгерушісі   болған Светлана Бектенова  Әмина Сулейменқызының үйінде болып, «қызыма жасау ретінде беремін», - деп сақтаған, бір кезде өзіне анасы берген  1812 жылы жасалған  самауырынды табыстаған.  Ол қазіргі таңда  музейдегі Мәметовтер мемориалдық бөлмесіне  қойылған.

 

Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 1982-1991 жылдары Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінің  директоры болған Ұрқия Ершуриева  Мәншүктің анасы Әмина Сүлейменқызымен бірнеше рет кездескен. Мәншүктің 1938 жылы Алматыда оқып жүргенде Семейде тұрған анасына жазған және  майдан даласынан жазған 5 хатын алып (барлығы 6 хат),  Мәншүктің хат салатын сөмкесін, отырғышын, қамшысын, кітаптарын әкеліп,  музей қорына қосқан.

 

Қазіргі таңда (2021 жыл) Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі  Мәншүк Маметова мемориалдық музейінің қорында 10300-ден аса жәдігер сақтаулы. Қорда Мәншүктің отбасына қатысты құжаттардан басқа, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың  құжаттары  мен марапаттары сақталған. Қор жәдігерлерін жинақтау жұмысы жалғаса береді.

 

Мәншүк Мәметова 1942 жылы 13 тамызда Алматыда жасақталған 100-ші  ұлттық дербес қазақ атқыштар бригадасы құрамында майданға аттанған. Сол бригаданың құрамында болған: Әзілхан Нұршайықов, Сұлтан Жиенбаев және Асқар Рахматуллин, 101-нші ұлттық қазақ атқыштар бригадасының жауынгері, жазушы Кәкен Әбенов, Мәншүктің майдандасы Александра Прокопенко, Қалисар Кабдуллинов, Ахметқазы Болатовтармен   музей қорының сақтаушысы Әлия Жантөреқызы кездесіп, бірталай соғыс жәдігерлері мен мәліметтерін жинақтаған.

 

1995 жылы Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналған жиынға қатысқан  100-ші ұлттық қазақ атқыштар бригадасының ардагерлерімен сол кезде музей меңгерушісі Әлия Еркингалиева, музейдің ғылыми қызметкері Лилия Кульманова  танысып, кейін хат жазысқан.  Сол хаттар да мұражай қорында.  

 

Мәншүк Маметова туралы жазылған кітаптар мен газеттер, Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы кітаптар да музейдегі қорда сақтаулы.

bottom of page